«Уранэнерго» ЖШС өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында биіктікте жұмыс істеу бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Жаттығу барысында қызметкерлер биіктікте қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін, арнайы құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану тәсілдерін, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады. Мұндай оқу-жаттығулар қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, ең бастысы – олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.