«Уранқуат» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындарына электр энергиясын тасымалдауды және таратуды жүзеге асыратын, барлық тапсырыс берушілері мен құрылтайшыларының гүлденуіне үлесін қосатын қазіргі заманғы энергетикалық компания болып табылады.
2006 жылы «Уранқуат» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірінің солтүстік және батыс бөліктеріндегі іске асып жатқан және құрылысы жүріп жатқан уран өндіру кеніштерін тәуелсіз электрмен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға кірісті. Оңтүстік өңірдің Солтүстік және Батыс бөліктері тұтынушыларын электрмен қамтамасыз ету, негізгі «РУ-6» 220/110/10кВ қосалқы станциясы арқылы жүзеге асыру нұсқасы қабылданды.
«Уранқуат» ЖШС-нің құрылтайшылары:
1) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
2) «Ақбастау» БК» АҚ
3) «Қызылқұм» ЖШС
4) «Инкай» БК» ЖШС
5) «ОТХК» БК» ЖШС
6) «Орталық» ӨК» ЖШС
7) «Аппақ» ЖШС
8) «Байкен-U» ЖШС
9) «Қаратау» ЖШС