«Уранэнерго» ЖШС-де бас директор Ысқақов Дауржан Мұхамеджанұлының басшылығымен уран өндіруші компанияларды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етудің негізгі міндеттерін орындаумен қатар, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларға ерекше назар аударылады. Айта кету керек, жүйелі түрде шешілетін өндірістік проблемалардан басқа, компания қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен түрлі тақырыптық іс-шараларды өткізеді.
2019 жылдың 12 шілдесінде Шиелі кентіндегі өндіріс орнында «Уранэнерго» ЖШС қызметкерлері Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Бір жер - бір отбасы» («Одна земля –Одна семья») акциясын өткізді.
Бұл күні, таңертең Шиелі кентінде орналасқан жөндеу және өндірістік ғимарат аумағында энергетиктер қарағай отырғызды, аумақты тазартты және санитарлық тазалау іс-шараларын жүргізді, бұл өте үлкен мағынаға ие болатындай, туған жерге деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің керемет үлгісін көрсетті.
Әрі қарай, шара Шиелі қаласындағы «Арман» мәдениет үйіне ауысты, сол жерде көптеген көрермендер мен қонақтарға «Сыр ұланы» балаларды сауықтыру лагерінің балаларының қатысуымен флеш-моб ұсынылды. Іс-шара соңында барлық балаларға компанияның логотипі бар әдемі футболкалар мен бейсболкалар сыйға тартылды.
«Уранэнерго» ЖШС бас директоры Дауржан Ысқақов салтанатты шараға жиналғандардың барлығын жылы қарсы алып, құттықтады. Ол АҚ «ҰАК «Қазатомпром» қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша кәсіпорындардың имиджін жақсарту мақсатында жыл сайын тұрғындардың назарын аударту үшін аумақтарды көгалдандыру, қоқыс жинау, компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізетінін және табиғи, адамдық және материалдық ресурстарды тиімді, ұқыпты және ұтымды пайдалану жолдарын қоса алғанда, қоршаған орта мен экологиялық әл-ауқаттың сақталуын мәлімдеді. Ол өз сөзінде шараға қатысушылардың барлығын табиғатымызды сақтап қалуға шақырды. «Біздің аулаларымыз бен көшелеріміз таза, таулар мен ормандар жасыл екеніне және балаларымыз бізге қарап, айналасындағы әлемге деген сүйіспеншілікпен қарауды үйретейік. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні - табиғат өзіне ұқыпты және қамқор болуды қажет ететіндігіне назар аударудың тағы бір себебі», - деді.
Іс-шара тақырыптық мақал-мәтелдерді білуге арналған зияткерлік сайыспен жалғасты. Көрермендер мен қонақтар белсенді түрде ат салысып, жарысқа қатысушыларға жаппай қол шапалақтады. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында бірнеше сайыс, соның ішінде берілген тақырыптар бойынша балалар суреттері мен селфи байқауы, үш жас санаты бойынша, 3-7 жас аралығындағы балалардың жас категориялары бойынша конкурстар өткізілді. Айта кету керек, барлық суреттер сапалы болды және әділқазылар алқасы балалардың экологиялық мәселелерді терең түсініп, олардың сезімдерін көрсетуге түрткі болды.
Салтанатты шара әншілер мен вокалистердің, сондай-ақ эстрада әртістерінің түрлі облыстық байқауларына бірнеше рет қатысқан «Арман» мәдениет сарайының бишілерінің әдемі және патриоттық қойылымдарымен жалғасты.
Мереке соңында барлық жарыстарға қатысушылар грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ең бастысы, бұл күні «Уранэнерго» ЖШС-нің жұмысшылары зор қуат пен жайлы көңіл-күйге бөленді және осы шараның табиғатты сақтаудағы маңыздылығын сезінді.