Қазатомөнеркәсіп PDAC 2025 конференциясында халықаралық ынтымақтастықты нығайтады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2-5 наурызда Торонто қаласында өткен Prospectors and Developers Association of Canada (PDAC) халықаралық конференциясына қатысты.

Компания сондай-ақ PDAC шеңберінде ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында және Meet Kazakhstan: The Power of Geology in the Ninth Largest Nation форумында таныстырылды. Қазақстандық форум барысында тау-кен саласының өзекті мәселелері, оның ішінде сирек және сирек жер металдар саласындағы даму перспективалары, стратегиялық әріптестік және Қазақстанның инвестициялық әлеуеті талқыланды. Қазақстандық компаниялар өз жобаларын таныстырды, ал шетелдік әріптестер өз тәжірибелерімен және саланың дамуына қатысты көзқарастарымен бөлісті.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов халықаралық жетекші қаржы институттары және тау-кен компанияларының өкілдерімен бірге «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үшін қаржылық мүмкіндіктер» дөңгелек үстелі шеңберіндегі талқылауға қатысты.

«Қазақстан үкіметі халықаралық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, елге инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қазақстанның уран саласы – табысты әріптестіктің жарқын мысалы. Компанияға уран бизнесін дамыту үшін капитал қажет болмаса да, біз сирек және сирек жер металдар бағыты бойынша диалогқа ашықпыз», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Сондай-ақ, қазақстандық форум аясында «Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы көшбасшылыққа жолы» атты тақырыптық сессия өтті, онда Қазатомөнеркәсіптің Стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев, Cameco аға вице-президенті Шон Куинн және Orano Mining стратегиясы мен серіктестігі жөніндегі аға кеңесшісі Кристиан Полак атом өнеркәсібінің болашағы мен «ядролық ренессанс» қарсаңындағы сала көшбасшыларының рөлін талқылады. Қатысушылар ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен канадалық және француз серіктестерінің Қазақстанның тау-кен саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

«2023 жылы БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі COP28 конференциясында 25 ел 2050 жылға қарай атом энергиясының қуатын үш есе арттыру туралы декларацияға қол қойды, ал 2024 жылы декларацияға тағы 6 ел қосылды. Бұл бастама тек саяси көшбасшылардың ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең ірі банктер мен қаржы институттарының қолдауына ие болды. Өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йорктегі климаттық аптада 14 жетекші қаржы ұйымы жаһандық ядролық әлеуеттің өсуін қолдауға дайын екендіктерін білдірді», - деп атап өтті Дастан Көшербаев.

PDAC 2025 конференциясына қатысу атом энергетикасының стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің жаһандық атом өнеркәсібі үшін сенімді әріптес ретіндегі көшбасшылығы мен мәртебесін растады.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Қоғаммен байланыс және БАҚ сауалдары бойынша
Алтынай Кәрібжанова, PR департаментінің бас сарапшысы
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pratkazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80 / 69
Email: iratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 20%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын/учаскені игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасы мен Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы, топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін жеткізуді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, бірлескен еншілес кәсіпорындардың екінші акционерлеріне қарай, споттық нарықта тікелей Қазақстанның Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Аталмыш мәлімдемеге немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге «мақсат», «санаймыз», «күтілуде», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «қажет», «болуы мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың жағымсыз формалары сияқты сөздер пайдаланылатын мәлімдемелер кіруі мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компанияға тәуелді емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ, БОЛАШАҚТАҒЫ ОРЫН АЛАТЫН ОҚИҒАЛАР ЖАЙЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАП-БІЛУ МҮМКІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТАСТЫҚТАРҒА ҰШЫРАЙДЫ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. КОМПАНИЯ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, АФФИЛИИРЛЕНГЕН ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-АТАЛМЫШ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Аталмыш мәлімдемеде немесе құжатта қамтылған ақпарат, оның ішінде болашаққа қатысты мәлімдемелер, аталмыш құжаттың жасалған күніне қатысты ғана қолданылатын болады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, мұндай ақпараттың жаңғыртуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамындағы өзгерістер, осындай мәліметтер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі ықтимал қандай да бір өзгерістерді,  болашаққа немесе аталмыш құжаттың жасалуы күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғаларға немесе жағдайларға қатысты мәлімдемелерді жария түрде жарияламайды.