«Шиелі-Энергосервис» ЖШС

«Уранэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі филиалы 2019 жылдың 12 желтоқсанында құрылды, «Уранэнерго» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының №6 хаттамасы негізінде Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының Шиелі аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде тіркелді.
Бастапқыда 2006 жылы құрылған «Шиелі-Энергосервис» ЖШС жеке заңды тұлға ретінде тіркелген, Шиелі аудандық Әділет басқармасында 02.12.2005 жылғы №107-1933-08-ЖШС нөмірімен тіркелді: «Тау-кен компаниясы» ЖШС құрылтайшылардың шешімі негізінде 2005 жылғы 23 қарашадағы №26 жарғылық қорындағы үлесі 81% (28 850 711 теңге), «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС 2005 жылғы 23 қарашадағы № 6.жарғылық қордағы үлесі 19 % (4 158 723,37 теңге).
«Уранэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі филиалы, №6 «Уранэнерго» ЖШС кен басқармасы, электрмен жабдықтау қызметтері (тораптар мен қосалқы станциялар бөлімі - ТҚСБ), сумен жабдықтау және қазандық қызметі (жылу-сумен жабдықтау және су бұру бөлімі - ЖСЖСББ).
Кәсіпорын Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған уран өндіруші кәсіпорындарды электр қуатымен және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында құрылған және сол мақсатта қызмет атқарады.
«Уранэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі филиалы келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
-Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері;
- 1000В дейін және одан жоғары электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету;
- Электр қондырғыларын және қорғаныс құралдарын сынау, электр шамаларын өлшеу өндірісі, электр энергиясын есепке алу құралдарын орнату және баптау бойынша электро-техникалық зертхана (ЭТЗ) қызметтерін көрсету;
«Уранэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі филиалының мынадай рұқсат беру құжаттары бар:
II санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын, кернеуі 35 кВ-қа дейін және 110 кВ-қа дейін және одан жоғары электр беру желілерін орындауға лицензиясы;
Электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану құқығы, энергетикалық жабдықтарды монтаждау, жөндеу лицензиясы;
Электро-техникалық зертхананы пайдалануға жіберу туралы куәлік;
Қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, құбырларды және ыдыстарды пайдалану лицензия;
Көтергіш құрылыстарды пайдалану лицензиясы. Қысыммен жұмыс істейтін құбырлар мен ыдыстарды монтаждау, жөндеу.

Қызметі: жылу-су-электрмен жабдықтау және кәріз

Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, ш/а. Көкшоқы, Есенов к-сі 2
Тел: +7 (72432) 35158
Email: info-shesatmail.ru