Әлеуметтік жауапкершілік

Сақтандыру

Компанияда сақтандырудың әр-түрлері бар, олар:

  •  Еңбек міндеттерін орындау барысында туындайтын жазатайым оқиғаларға байланысты жұмысшыларды міндетті сақтандыру;
  •  Ауруға байланысты ерікті сақтандыру;
  •  Міндетті экологиялық сақтандыру;
  •  Міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
  •  Өмірді сақтандыру.

Кәсіпорындағы спорт

  •  «Уранқуат» ЖШС-нің құрама командасы жыл сайын өтетін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның дәстүрлі ойындарына қатысады;
  •  Компания қызметкерлері бірнеше рет спорттың әр түрі бойынша облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Компанияның корпоративтік мәдениеті түрлі әдістермен жүзеге асырылады:

  •  «Уранқуат» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ шеңберінде әлеуметтік бағытта іс-шаралар өткізу арқылы;
  •  Жастар бірлестігі қызметін дамыту арқылы;
  •  Тренингтер, семинарлар, мінез-құлық және жаңа құндылықтарды пайдалана отырып жұмыс орнында бейімдеу және оқыту бағдарламаларын жүргізу арқылы
  •  Жұмыс нәтижелері мен жеке жетістіктер негізінде марапаттаулар арқылы;
  •  Озық ойлы кадр саясатын жүргізу арқылы.