9 мамыр күні біздің еліміз Жеңіс Күнін тойлайды. Бұл күні Қазақстанның барлық қалаларында кеңес жауынгерлері мен тылшыларының ерліктерін еске алып, соғыс ардагерлері мен мүгедектерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды.
Жыл сайын ардагерлер азайып келеді, біздің борышымыз – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің қандай бағамен келгенін есте сақтау, қаза болғандарды еске алу және қалған ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету.
Шиелі ауданы, Керделі кентінде ҰОС-ның жалғыз ардагері Байжанов Сәрсенбек тұрады. Биылғы жылы ол 95 жасқа толды. «Уранэнерго» ЖШС Энергокешенінің басшылығы ардагерді жеке құттықтап, ақшалай сыйлықтар (100 000) теңге және гүлдер табыс етілді. Ардагерге осы бейбіт өмір үшін, сұрапыл соғыста ұлы ерліктері мен шексіз батылдығы үшін ардагерге алғыс сөздер айтылды.
Сонымен қатар, Таукент кентіндегі біздің "Уранэнерго" ЖШС-нің филиалы жыл сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар өткізеді: мерекелік концерт ұйымдастырылады, дастархан жайылады, бірақ биыл Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылды.
Пандемия жағдайында барлық санитарлық шараларды сақтай отыра ардагерлерге сапар ұйымдастырылып, ардагер Мырзахметіне (40 000) теңге және Исатай Джасузақовқа (40 000) теңге ақшалай сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.
Бұл жеңістің қандай бағамен келгенін есте сақтай отырып, соғыстан оралмағандарды еске алу, қалған ардагерлерімізге қамқорлық пен құрмет көрсетуіміз біздің міндетіміз.