Үздік электрмонтер

Қазатомөнеркәсіпте алғаш рет «Үздік электрмонтер» байқауы өтті

Байқауға 17 мекемеден үздік мамандар қатысып, өзара бақ сынады.

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

 • теориялық тестілеу;

 • кернеуі 0,4 кВ болатын реверсивті электрқозғалтқышты монтаждау және іске қосу;

 • 10 кВ кернеулі электр беру желісінде зардап шеккен қызметкерді (манекен) құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсету.

Байқау нәтижелері:

1000 В дейінгі санат бойынша:

1 орын – «Уранэнерго»

2 орын – «Қызылқұм»

3 орын – Үлбі металлургия зауыты

1000 В жоғары санат бойынша:

1 орын – «Заречное»

2 орын – «Уранэнерго»

3 орын – РУ-6

Барлық жеңімпаздар кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау мамандар үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби шеберлікті арттырудың тамаша алаңына айналды.