Жазғы лагерьде өткен демалыс – балалар үшін демалысты пайдалы және қызықты өткізудің тамаша таңдауы болып табылады. «Казатомпром» ҰАК» АҚ кәсіподағы осындай мүмкіндік тудырып, компанияның қызметкерлері мен ДЗО балалары үшін «Машат-Жансая» жазғы лагерінде демалыс өткізу мүмкіндігін ұйымдастырды. Демалушылардың қатарында, «Уранэнерго» ЖШС қызметкерлерінің балалары да болды. Лагерь табиғаты көркем Машат шатқалындағы биік таулардың арасында орналасқан. Бұл жерде таза ауа, тау өзені, жалпы алғанда, оқу жылынан кейін толықтай демалуға қажетті нәрсенің барлығы бар.
Лагерьдегі жайлы, заманауи жабдықталған 3-4 адамдық коттедждер санитарлық тораптар және душтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ бұл жерде балалардың демалысына арналған ойын бөлмелері, бассейн, спорт алаңдары, жаттығу залы, би алаңы, кинотеатр, оқу залдары да бар.
Таза ауа, спорттық ойындар, үйлестірілген тамақтану мен лагерь тәлімгерлерінің сауатты атқарған жұмысының арқасында балалардың таланты шыңдалып, қабілеттері айқындалады, өз бетінше еркін және жеңіл қарым-қатынас жасауға үйренеді және әр баланың өзіне деген сенімін арттыруға көмектеседі. Демалыс кезінде балалар терапевт-дәрігердің қадағалауында, сонымен қатар лагерь тәрбиешілерінің бақылауында болады.
Әр түрлі мәдени, ойын-сауық іс-шараларын өткізу үшін лагерьде барлық жағдайлар жасалған. Демалушылар баскетбол, волейбол және шағын футбол, шахмат бойынша ұйымдастырылған спорттық жарыстарға қатысады. Балалардың ең сүйікті ісі – бассейнде шомылу. Белсенді демалысты ұнатпайтын балалар кітап оқумен немесе қолөнермен айналыса алады. Біздің балалар үшін жазғы демалысты жақсы өткізу өте маңызды. Олар жан-жақты дамып, креативті болу үшін күш жинап, денсаулықтарын түзеп, жаңа күшпен мектепке қайта оралуға тиісті.
«Уранэнерго» ЖШС ұжымы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді!
Балалар – біздің өмірдің гүлі!