«Уранэнерго» ЖШС-де ашық есіктер күні және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ «бас энергетиктер мен АСУТП» семинарын өткізу ұйымдастырылды.

            25 қазан күні «Уранэнерго» ЖШС-де ашық есіктер күні және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ «бас энергетиктер мен АСУТП» семинарын өткізу ұйымдастырылды. Семинарға қатысу үшін UROS GROUP (Финляндия), «Метеор зауыты» АҚ, «SIEMENS» ЖШС шет елдік компанияларының өкілдері шақырылдыUROS GROUP компаниясы «Алып жүретін планшет (ақылды каска)» атты тақырыптың тұсаукесерін өткізді және бейне шолу құрылғысы бар касканың жұмысы, сондай-ақ оны пайдалану ережелері көрсетілді.

            Семинар барысында энергетика бойынша өзекті проблемалық мәселелер және шешу жолдары талқыланды. Осындай семинарларды ұйымдастыру сенімді іскерлік байланыстарды орнатуға, тәжірибе алмасуға және әріптестермен идеяларды бөлісуге мүмкіндік береді.

Семинар барлық қатысушылар үшін табысты және жемісті өтті.