Уранэнерго» ЖШС басшылығының кәсіпорын жұмысшыларымен кездесуі 2025 жылғы 2–5 қыркүйек аралығында «Уранэнерго» ЖШС басшысы Абуов Бекбол Аманжолұлы өндірістік нысандарға іссапар жасап, жұмысшылармен кездесті. Кездесудің мақсаты — тікелей диалог орнату, жұмыс барысындағы мәселелерді талқылау және ұжымды қолдау көрсету болды. Қызметкерлер өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Мұндай кездесулер ішкі коммуникацияны нығайтуға, басшылық пен ұжым арасындағы сенімді арттыруға, сондай-ақ жұмысшылардың мәртебесін арттыруға ықпал етеді.