Энергетика саласындағы ынтымақтастық 2025 жылы 20 маусым күні №1, №7 және №19 колледждері мен «Уранэнерго» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Келісімнің мақсаты – энергетика саласына мамандар даярлауда бірлесіп жұмыс істеу, дуалды оқытуды дамыту және өндірістік тәжірибе ұйымдастыру. Бұл қадам – болашақ мамандарды сапалы даярлауға бағытталған нақты серіктестік нәтижесі.