2019 жылғы 13 қазанда Шиелі кентінің орталық алаңында «Алтын Қаз» күзгі мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді, оған ЖШС «Уранэнерго» және оның еншілес компаниясы ЖШС «Шиелі Энергосервис» тікелей қатысты.
Мерекелік шаралар аясында киіз үйлер тігіліп, барлық қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік іс-шара көңілді және достық атмосферада өтті. Әкімнің атынан ЖШС «Уранэнерго» энергетикалық кешені және ЖШС «Шиелі Энергосервис» қызметкерлеріне осы шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірілді.