8 Наурыз!

 

05 наурыз күні ЖШС  «Уранэнерго» ерлер арасында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған боулинг бойынша турнир ұйымдастырылды.

Іс-шара ойын-сауық орталығында өткізіліп, турнирге ЖШС  «Уранэнерго» бас директоры Д. М. Ысқақовпен бірге серіктестіктің барлық қызметкерлері қатысты.

Жарыс мерекелік-достық шеңберінде өтіп, командалар ұйымшыл ойнады.

Ойын аяқталған соң, серіктестіктің әйелдер қауымына грамоталар табыс етіліп, мерекелік дастархан жайылды.

Д. М. Ысқақов өз атынан барлық әйелдерді мерекелерімен құттықтап, бейбітшілік, татулық, махаббат, туған-туысқандары мен жақындарына амандық тіледі.