Конкурстық құжаттама мен ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (www.kazatomprom.kz) интернет-ресурсында орналастырылған. 40% акциялар пакеті үшін сұралатын бастапқы баға 3 832 701 000 (үш миллиард сегіз жүз отыз екі миллион жеті жүз бір мың) теңге құрайды.
Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі Комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдер қабылдау 2018 жылдың 22 тамызында Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.
«Каустик» АҚ – қолданыстағы барлық қазақстандық және халықаралық жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін заманауи химия өндірісі. Кәсіпорын каустикалық сода (30 мың т/ж), сұйық хлор (26 мың т/ж), тұз қышқылын (45 мың т/ж), сондай-ақ натрийдың техникалық гипохлоритын (6,6 мың т/ж) шығарады. Зауыт өнімдері экономиканың көптеген салаларында: мұнай, химия, медицина, тамақ өнеркәсібі, түсті және қара металлургия және т.б. қолданылады.
Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бизнесті оңтайландыру мақсатында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау жолымен жүзеге асырылуда.