Салауатты жүрек ритмінде» акциясы аясында «Ер-Ана» клиникасының кардиолог-дәрігері Тоқсанбаева Гүлжамал Абдимомыновна қызметкерлерге жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу туралы пайдалы кеңестер берді. Ол дұрыс тамақтанудың, тұрақты қимыл-қозғалыстың және артериялық қысымды бақылаудың маңыздылығын атап өтіп, қызметкерлердің жеке сұрақтарына жауап берді. Жүрек саулығына деген қамқорлық — өмірге қамқорлық.