Қазатомөнеркәсіп атом холдингі кәсіпорындары қызметкерлерінің балаларына арналған «Atom IQ» білім беру жобасын жыл сайын жүзеге асырады.
Биыл компания жұмыс істейтін өңірлерден шамамен 100 мектеп оқушысы қатысуда.
Солардың ішінде «Уранэнерго» қызметкерінің ұлы Ибадулла Алинұр Ерболұлы жоғары нәтижелер көрсетіп, математика пәні бойынша бірінші орынды иеленді.
Бұл жетістік «Уранэнерго» ұжымы үшін үлкен мақтанышқа айналды.
Жоба аясында оқушылар жобалық менеджменттің негіздерін, қаржылық сауаттылықты, жасанды интеллект пен көшбасшылық дағдыларды меңгереді. Сабақтан тыс уақытта ұлттық дәстүрлерге арналған шеберлік сабақтары, экскурсиялар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.