25 мамырда «Уранэнерго» қызметкерлері Шымкент қаласындағы көру қабілеті төмен балаларға арналған №190 мектеп-интернатындағы соңғы қоңырау шарасына арналған салтанатты жиынға қатысты. Шараның барысында бітіруші түлектер мен оқушылар тарапынан концерт ұйымдастырылды. Балалар өнеркәсіптің қызметкерлеріне өздері салған суреттерді сыйлады.